ҚазҰУ ғалымы ҚР оқытушыларының Топ-3 рейтингіне енді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Григорий Алексеевич Мун 2024 жылы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі тарапынан құрылған ҚР профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингінің Топ-3 кіріп, 9375 балл жинады.
Жыл сайын өткізетін ІААР рейтингі білім беру сапасын арттыруға бағытталған жоғары оқу орындары үшін ҚР ҒЖБМ мақұлдаған жалғыз рейтингі болып табылады және оны жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру сапасын жақсарту бағыты бойынша күш-жігерінің табыстылығының индикатор көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.
Григорий Алексеевич ғылыми қоғамдастыққа полимерлердің химиясы мен физикасы, полимерлік материалтану және нанотехнология саласындағы ғылым мен технологияның дамуына үлкен үлес қосқан халықаралық деңгейдегі ғалым ретінде кеңінен танылған. Clarivate Analytics халықаралық ақпараттық агенттігінің (Thomson Reuters) мәліметтері бойынша профессор Г.А.Мун Қазақстан ғалымдары арасында ең жоғары дәйексөз индекстерінің біріне ие (Sum of the Times Cited=1739), сондай-ақ ҚР-дағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі Хирш индексі (h-index=28).
Профессор Г.А.Мун және оның шәкірті Виталий Хуторянский (Қазіргі Рединг университетінің профессоры, Англия) соңғы 15 жыл ішінде наноғылым және нанотехнология саласындағы зерттеу нысаны болып табылатын интерполимерлік кешендер саласындағы ғалымдардың әлемдік рейтингінде алғашқы екі орынды иеленді (Clarivate Analytics агенттігінің мәліметі бойынша). Мұндай көрсеткіштерге тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД аумағында бірде-бір ғылыми мектеп қол жеткізген жоқ.
Григорий Алексеевич 600-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде Clarivate Analytics базасына енгізілген халықаралық жоғары рейтингтік ғылыми журналдарда 110-нан астам ғылыми мақала жариялады. Ол магистратураның барлық мамандықтары үшін ҚР ҒЖБМ ұсынған «Ғылым тарихы мен философиясы» оқулығының, 7 оқу құралының, 9 монографияның, ҚР 25 патентінің және екі Еуразиялық патенттің тең авторы. Г.А.Мун 2008 және 2023 жылдары ресми тіркелген үш ғылыми жаңалықтың авторы, оның жетекшілігімен 14 кандидаттық диссертация және философия докторларының (PhD) 7 диссертациясы қорғалды.
Григорий Алексеевич өзінің жемісті ғылыми-педагогикалық қызметімен қатар, үлкен қоғамдық жұмыстарды атқарады. Мәселен, 2012 жылдан 2021 жылға дейін ҚазҰУ-да химиялық және технологиялық мамандықтар бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы болды. 2015 жылдан бастап «Кахак» корей ғылыми-техникалық қоғамының президенті.
2014 жылы жемісті ғылыми қызметі және халықаралық ынтымақтастыққа қосқан елеулі үлесі үшін Г.А.Мун Корея Республикасы Президентінің Құрмет белгісімен марапатталды. Ол ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған үш рет (2006, 2012, 2023 жж.) мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды және мемлекеттік «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері атанды.
Перизат Үркімбаева, х.ғ.к,
химия және химиялық технология факультеті