ҚазҰУ-да "ЛУКОЙЛ.PETROGAMES-2024» олимпиядасы өтті

29 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінде университеттің 90 жылдығы аясында және тұрақты даму мақсаты 8 бағдарламасын орындау барысында «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» компаниясының қолдауымен «ЛУКОЙЛ. PETROGAMES-2024» олимпиадасы өтті.

Олимпиаданы физикалық химия, катализ және мұнайхимия; SPE KazNU және "ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия" компаниясының өкілдері негізгі Химия ғылымдары (жалпы және бейорганикалық химия, аналитикалық химия, физикалық химия, органикалық химия) бойынша бакалавриаттың 3-4 курсына бірлесіп ұйымдастырды. Жалпы жүлде қоры 200 мың теңгені құрады.

Олимпиада екі турда өтті: "Біліктілік"(1 тур), ол тестілеу және "Финал"(2 тур) болды, ол "Kahoot" бойынша викторина және 4 негізгі Химия ғылымдары бойынша 4 тапсырма болды. Олимпиаданың ашылуына химия және химиялық технология факультетінің деканы, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Галеева А.К., Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Аубакиров Е.А., Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Б.С. Бәкірова, "Лукойл Лубрикантс Орталық Азия" компаниясының өкілі Барабашов С.С., SPE KazNU President Забара Н. А. қатысты.

Олимпиадаға біздің университеттің, Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Алматы технологиялық университетінің, Сафи Өтебаева атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің студенттері қатысты.