Жұмысты тәжірибесіз қалай табуға болады: жұмыс беруші лайфхактары

14 наурыз, 2024

Фараби университетінің 90 жылдық мерейтойының қарсаңында және Тұрақты даму мақсаттарына қатысты «Көктемнің 17 сәті» атты жалпыуниверситеттік акциялар негізіндегі «Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбы шеңберінде 2024 жылғы наурыздың 13 жұлдызында Экономика және бизнес жоғары мектебі «Экономика» кафедрасының ұйымдастырылуымен «Отбасыбанк» АҚ өкілдерімен қонақ дәріс өткізілді.

Дәріс спикері «Отбасыбанк» АҚ HR департамент директорының орынбасары Позняковская Олеся Олеговна «Жұмысты тәжірибесіз қалай табуға болады: жұмыс беруші лайфхактары» атты тақырыпта қазіргі студенттерге, болашақ еңбек нарығына шығатын мамандарға арналған маңызды ақпараттар берді.

Қонақ дәрісте интерактивті түрде «Тәжірибе жоқ - жұмыс жоқ - тәжірибе жоқ» деген тұйық шеңберді жоюдағы 5 стратегияны атап, жұмысқа орналасу кезінде жұмыс берушінің ескеретін жағдайлары айтылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар алдық. Бұл кездесу ТДМ 4 – Сапалы білім, ТДМ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу, ТДМ 17 – Тұрақты даму үшін серіктестік бағыттарының мәселелерін қарастырады.