Наурызнама онкүндігінің 15 наурыз – Қайырымдылық күніFarabi University

Наурызнама онкүндігінің 15 наурыз – Қайырымдылық күні

15 наурыз, 2024

Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастыру бағытындағы Наурызнама онкүндігінің 15 наурыз – Қайырымдылық күніне, Фараби университетінің 90 жылдық мерейтойына және Тұрақты даму мақсаттарына қатысты «Көктемнің 17 сәті» атты жалпыуниверситеттік акциялар шеңберінде Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының «Экономика» ББ 1 курс студенттері эдвайзері Г.К. Андабаеваның жетекшілігімен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қоғамда қайырымдылық көрсету мәдениетін қалыптастыру үшін болашағымызды тәрбиелеу арқылы 4 ТДМ орындалуын, жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын өз еріктерімен көрсетуде 17 ТДМ жүзеге асырылуын қамтамасыз ете аламыз.

Биыл 14 наурыз - Көрісу айт  мейрамы мұсылмандар үшін қасиетті ай – Рамазанға тұспа-тұс келуіне қатысты, осы күні студенттер ауызашарға арнап ифтар боксын қала тұрғындарына ұсынды. Жақсы ниет, жақсы істеріміз жалғасын таба берсін.

Басқа жаңалықтар

12 қаңтар, 2026
12 қаңтар, 2026
12 қаңтар, 2026