«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» заң факультеті, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының магистранттары «7M04207-Азаматтық құқық», «7M04217-Құқықтану», «7M04218 Құқықтану (Висмар университеті, Германия) ББ бойынша 2024 жылдың 1 наурызы мен 12 наурызы аралығында Тұран университетінің жанындағы Құқық ғылыми зерттеу институнда  барлығы 18 магистрант ғылыми тағылымдамасын сәтті аяқтады.

15 наурыз, 2024

«Тұран» университеті жанындағы Құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры Әкімжанов Талғат Құрманұлы «7М04217 Құқықтану», «7M04207 Азаматтық құқық» және «7M04218 Құқықтану» ББ мамандығы бойынша оқитын 2 курс 18 (он сегіз) магистрантың ғылыми тағлымдамадан өту қызметін көрсету үшін «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» мен келісім-шартты жасалған болатын. 

Ғылыми тағылымдама соңында Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының магистранттары Құқық ғылыми-зерттеу институтының өкілдерінің жақсы пікірлеріне ие болды және сертификаттар табыс етілді.

       Тұран университеті жанындағы Құқық ғылыми-зерттеу институты базасындағы ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің магистранттары үшін өте мазмұнды әрі пайдалы болды.

       Басқарма бастығының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD докторы Н.Д. Мырзатаев ғылыми тағлымданы ұйымдастыру мен өткізу бойынша кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор С.Ж. Сулейменоваға және Құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, з.ғ.д., профессоры Т.Қ. Әкімжановқа және Құқықтану және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., қауымдастық профессоры Н.А. Алдабергеноваға алғыс білдіреді.