ЦУР 4. Сапалы білім.

14 наурыз, 2024

2024 жылдың 14 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінде "Жерге орналастыру" мамандығының 3 курс студенттері мен 1 курс ғылыми-педогогикалық бағыт магистранты Досбол Жылқыбаевтың қатысуымен,  "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар" тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинар өткізу барысында, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасымен қатар, шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласында орын алатын құқық бұзушылықтар және олар үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктеріне тоқталды.