Құрлық экожүйесін қорғау және қалпына келтіру туралы мәселелер
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті кеден ісі, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы. А.А. Есекеева 2024жылдың 15 наурызында 303 топ студенттерімен тұрақты дамудың 17 мақсаты бойынша іс-шара өткізді. ТМД-ның 17 мақсатының ішінде ең маңыздысы 15- Құрлық экожүйесін қорғау және қалпына келтіру туралы мәселелер көтеріліп, көптеген сұрақтар талқыланды. Бүгінгі күні дүниежүзіндегі топырақтың 40%-ы эрозияға ұшыраған. Бұл құбылыс шамамен 3,2 миллиард адамның әл-ауқатына әсер етуде. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша 2050 жылға қарай қуаңшылық әлем халқының 75%-на кері әсер етуі мүмкін. Қазірдің өзінде, ауылшаруашылық жерлерінің 52%-ның тозығы жеткен. Әлемде 2,6 миллиард адам ауылшаруашылығы табысына тәуелді екенін ескерсек, қуаңшылық оларға тікелей қауіп төндіріп тұр деген сөз.
Қуаңшылық салдарынан жыл сайын 12 миллион гектар жер (минутына 23 гектар) жоғалады. Ал осындай көлемдегі жерде шамамен 20 миллион тонна астық өсіруге болады.
Қуаңшылық мәселесі біздің елімізде де өте өзекті мәселелердің бірі. Қазірдің өзінде Қазақстан жерінің 2/3 бөлігіне құрғақшылық қаупі төніп тұр және ел тұрғындарының 23,5%-ы тозған жерлерде тұрады. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің болжамы бойынша, егер құрғақшылық мәселесі шешілмейтін болса, ғасыр соңында Қызылорда мен Маңғыстау облыстарының шөлге айналу қаупі өте жоғары.
Талқыланған мәселелер әр студент үшін өте өзекті және маңызды болып табылады.