14.03.2024. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -нің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен "Қоғамдық өмірдің түрлі салаларында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету: проблемалар мен перспективалар" тақырыбында THE IR рейтингінде ілгерілету жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде ғылыми вебинар өтті. Ғылыми семинарды кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ. д., профессор Г. А. Қуаналиева ашып берді. Вебинар аясында талқылауға шығарылатын мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Бұдан әрі "ҚР-дағы гендерлік теңдік тұжырымдамасы және оны іске асыру" тақырыбында з.ғ.к., доцент Б. С. Ашыралиева баяндама жасап, аталған тұжырымдаманы іске асыру саласындағы елеулі жетістіктер мен проблемаларды атап өтті.
Ғылыми семинардың басты қонағы спикер – Халықаралық құқық бойынша LLM, Мемлекеттік басқару бойынша PhD кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығының зерттеушісі Әйгерім Құсайынқызына сөз берілді. Әйгерім Құсайынқызы "Гендерлік теңдік дәстүрлі құндылықтармен қалай үйлеседі?» атты тақырыпта баяндама жасады.
Әйгерім Құсайынқызы қолжетімді, интерактивті түрде Қазақстан Республикасы мен шет елдердің материалдарында гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің неғұрлым өзекті және маңызды мәселелерін атап өтті. Семинарға қатысушылар өз сұрақтарына толық және жан-жақты жауаптар алды.
Семинарға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ПОҚ, студенттер мен магистранттар, сондай – ақ басқа да жоғары оқу орындарының өкілдері: ҚНАУ-құқық магистрі, аға оқытушы Рысқұлбекова Б қатысты.; И. Жансүгірова атындағы КЕАҚ "Жетісу университеті" - Д. Н. Бекежанов, құқық саласындағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор.; Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы-құқық магистрі, аға оқытушы, Нұрханова А.; құқық магистрі, аға оқытушы, Қабдалқызы К.; Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ- з.ғ.к., доцент М. Б. Мұратханова; Қазақ – Америка Университеті- PhD докторы Г. Б. Телеуев қатысты.