Білім мен мәдениетті ұштастыру: театр этикеті туралы сабақ
7 наурыз, 2024
«Механика және энергетика» мамандығының 1 курс магистранттарының педагогикалық практикасы аясында Муталипова Камила мен Токтарова Айжан «Механика» мамандығының 2 курс бакалавриат студенттеріне «Театр әдебі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Дәрісте театрға бару әдебі жан-жақты талқыланып, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері туралы қысқаша нұсқаулар жазылған брошюралар да таратылды.
Ашық сабақтан кейін Муталипова Камила мен Токтарова Айжан топ эдвайзері Алибаева Қарлығашпен бірге студенттерді М.Әуезов атындағы драма театрына «Екеуміз» қойылымына апарды. Қойылымда жастардың сезімі, стереотиптері, әлеуметтік мәселелері мен отбасылық құндылықтары туралы айтылады. Спектакльдің қойылымы заманауи, тақырыбы өзекті, тағылымды болды.
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024