Тарихқа тағзым - Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1938)
ТДМ.4 Сапалы білім
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Тарих факультетінің Дүние жүзі тарихы, деректану және тарихнама кафедрасының 1 курс магистранттары ұйымдастыруымен М.Тынышбаевтың туылғанына 145 жыл, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне 90 жыл толуына орай іс-шара ұйымдастырды. Іс шара тұрақты даму мақсаттарының негізінде жүзеге асырылды.
М.Тынышбаев - қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер. Түркістан-Сібір темір жолының жобасын жасауға, кейін оның құрылысына қатысқан кәсіби маман. Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлерінің бірі, Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы күрескен, азамат соғысы жылдарында қазақ халқын ақ пен қызылдардан қорғаған қайраткер.
Іс шараға М.Тынышбаев атындағы қордың төрағасы, жиен немересі Нұршакен Жүнісқызы және Қордың атқарушы директоры Рустем Аитов Саметұлы, Болашақ халықаралық стипендиясының жеңімпаздары Логистика және Көлік академиясының бір топ профессорлары қатысты. Шара барысында түрлі пікір алмасулармен қатар, қайраткер өмірі туралы естеліктер де айтылды.
Іс шара барысында Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысымен түсірілген «Ғасыр жобасы» атты деректі фильм көрсетілді. Мұндағы мақсат ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілдерінің бірі Мұхамеджан Тынышбаевтың есімін ардақтау, ұрпақ санасына сіңіру.