Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының «BOOKCLUB Farabi» атты бөлімінің мақсаттарын жүзеге асыру бойынша жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетінің ұйымдастырумен «6B10105- Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-курс студенттері арасында Жошы ұлысының 800 жылдығы аясында «Жошы Ұлысы және қазақ тарихындағы мемлекеттілік бірегейлік мәселелері» атты ғылыми семинар өткізілді. Ғылыми семинардың мақсаты-Жошы Ұлысының тарихы, оның Қазақ мемлекеттілігімен тарихи сабақтастығы мәселелерін талқылау болды. Студенттермен Жошы Ұлысын зерттеудегі жекелеген тарихи тұлғалардың орны, Жошы Ұлысының Қазақ хандығымен рухани-мәдени және саяси-тарихи сабақтастығы туралы отандық және шетелдік ғалымдардың сүбелі пікірлерін талқылады.
Сонымен қатар, Жошы Ұлысы тарихының зерттелу тарихы қарастырылды. Зардыхан Қинаятұлының «Қазақ мемлекеті және Жошы Ұлысы», Берекет Бақытжанұлы Кәрібаевтың «Қазақ Хандығының құрылу тарихы», Б.Б. Кәрібаев, М.С. Ноғайбаеваның «Алтын орда және Қазақ хандығы» атты еңбектері студенттерге таныстырылып, ондағы құнды ғылыми тұжырымдар студенттер арасында түсіндірілді.
Шараны ұйымдастырушы:
Қазақстан тарихы кафедрасының
оқытушылары М.Қ. Дауытбекова, Ж.М. Арынов