16 наурыз – Шежіре күні

15 наурыз, 2024

Наурыз мерекесін ерекше атап өту мақсатында арнаулы тұжырымдама (концепция)  жасалғаны бәрімізге белгілі.   Сол концепция бойынша 16 наурыз – Шежіре күні болып белгіленді. Осы атаулы күнге орай  және тұрақты даму контекстісі сапалы білім беруді жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың 16 наурызында «6В02212 – Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне тарих ғылымдар кандидаты, шежіретанушы Тургунбаев Ерлан Мухамеджанович көшбасшылық дәріс оқыды.

Шежіре - бұл халқымыздың ата тегінің таралуын, шығу тегін дәлелдейтін маңызды ақиқаттық жол. Қазақтың дүниетанымында, қазақтың рухани өмірінде шежіре маңызды орын алады. Ал қазіргі кезде шежіре тек қана танымдық, тәрбиелік құрал емес, тарихшылар үшін шежіренің этникалық тарихты анықтауда немесе бір тарихи тұлғаларды анықтауда оның деректік маңызы ерекше екенің атап өтті.