АДАМ ҚҰҚЫҒЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

29 ақпан, 2024

    2024 жылдың 29 ақпанында Тұрақты даму саласындағы мақсатты іске асыру жобасы аясында   «АДАМ ҚҰҚЫҒЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» атты тақырыпта А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы, ҚФ 403 және 404 - топ студенттерінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби кітапханасында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге филология, халықаралық қатынастар және шығыстану факультетінің студенттері қатысып сұрақтар қойды, өз пікірлерін ортаға салды. Осы іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар:

     1.Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының докторанты, полиция подполковнигі Шамшиева Индира Серікқызы

      2. Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Әскери және арнайы - тактикалық даярлық кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Амреева Ақтолқын Айтханқызы.

      Дөңгелек үстелдің мақсаты: Жастарға заң білімі саласынан  мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын  жете білуге, оны өмірде  қолдана білуге үйрету, құқықтық сауаттылығын арттыру.

Дөңгелек үстел барысында білім алушылар әрбір адам өз құқықтары мен міндеттерін біліп, өзгенің құқығын бұзбау керектігі туралы ақпараттар алды.

Ұйымдастырушылыр: ҚФ 403 және 404 - топ студенттерінің эдвайзерлері: ф.ғ.к., аға оқытушы Дәрменқұлова Р.Н., PhD доктор Сәрсенбай Ж.А.