ТДМ 4. «Көктем мен махаббат мерекесі» атты ашық кураторлық сағат

7 наурыз, 2024

Іс-шараның мақсаты: топ ішінде достық қарым-қатынасты нығайту, әйелдерге деген сыйластық қарым-қатынасты тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық деңгейін арттыру.
Әлемнің көптеген елдерінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Қазақстан да шет қалмайды. Көптеген ұйымдар әйелдерге арналған мерекелік шараларды өткізеді. Тарихта бұл күн еңбекші әйелдердің тең құқықтар мен эмансипация үшін күрестегі ынтымақтастығы күні ретінде пайда болды. Қазіргі әйелдер күнін мерекелеу бұдан былай теңдікті насихаттау мақсатын қоймайды, оның мәртебесі мен жасына қарамастан көктемнің, әйел сұлулығының, нәзіктіктің, рухани даналықтың және әйелге көңіл бөлудің күні болып саналады.
Біз де бұл мерекені назардан тыс қалдырған жоқпыз. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде 7 наурыз күні  Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем мен махаббат мерекесі» атты ашық кураторлық сағатын өткізілді. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары «6В07112-Жылуэнергетика», «6В05303-Техникалық физика» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері және «6В05303-Техникалық физика» 1 курс студенттері, эдвайзерлері Мақсұтханова А.М., Тәженова Ш.С., Оспанова М.С. ..
Жігіттер құттықтау сөздерімен, өлеңдерімен құттықтаса, Орақ Темірлан домбырамен күй тартып, Сембиев Айболат гитарада қосылып, «Ана» әнін қосыла шырқады.