Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Боранкулова С.К. Токио университетінің студенттеріне семинар өткізді

11 наурыз, 2024

   Қысқы мектеп бағдарламасы аясында 03.07.2024 ж. сағат 12:00-де Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Боранкулова С.К. Токио университетінің студенттеріне «Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында шетелдік студенттер Қазақстандағы ұжымдастырудың ерекшеліктері, атап айтқанда экономиканың аграрлық секторын мемлекет меншігіне алу, көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшыландыру саясаты, сондай-ақ, байлардың шаруашылықтарын жоюға бағытталған жұмыс жөніндегі  мәліметтермен жан-жақты танысты. Кездесу соңында аға оқытушы Боранкулова С.К. ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың елге әкелген негізгі зардаптарын қарастырып, семинар жұмысын қорытындылады. Семинардан кейін студенттер берілген тақырып төңірегінде пікір алмасуға, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндікке ие болды. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

 

Қиыр Шығыс кафедрасы

Жапонтану бөлімінің

меңгерушісі Тазабекова Г.Б.