- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми-зерттеу орталығы з.ғ.к., профессор З.К. Абдуллинаның ғылыми және педагогикалық қызметіне арналған «Азаматтық іс жүргізу заңнамасын біріздендіру: салыстырмалы аспект және құқық қолдану практикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция
«Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми-зерттеу орталығы з.ғ.к., профессор З.К. Абдуллинаның ғылыми және педагогикалық қызметіне арналған «Азаматтық іс жүргізу заңнамасын біріздендіру: салыстырмалы аспект және құқық қолдану практикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция
15 наурыз 2024 жылы «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы» заң ғылымдарының кандидаты, профессор З.К. Абдуллинаның ғылыми -педагогикалық қызметіне және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Азаматтық іс жүргізу заңнамасын біріздендіру: салыстырмалы аспект және құқық қолдану практикасы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция барысында модератор,заң факультетінің деканы Д.Л.Байдельдинов сөйледі. Конференцияға алыс-жақын шет мемлекеттерінен Шрамм Х.Й., Олейник Д., Шалов С.Т. , Карасартов Б.Б. сынды ғалымдар қатысты.
Ғылыми -практикалық конференцияда профессор Абдуллина Зоя Қадырқызы және оның Қазақстанның заң білімі мен заң ғылымын дамытудағы рөлі нақтыланып,қатысушылардың заң саласында өзекті деп таныған ғылыми байланыстары талқыланды.