ТДМ 17: Ғылым жолындағы ортақ қызығушылық

15 наурыз, 2024

Жоғары оқу орнына дейінгі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Цифрлық трансформация дәуіріндегі математиканыңзаманауи даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Мұхаммед әл-Хорезмий атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университетінен оқытушы профессор құрамы келіп қонақ болды. Конференциядан кейін қонақтар Университет қалашығымен, нақты айтқанда әл-Фараби кітапханасымен, университет мұражайымен және механика-математика факультетімен танысты. Кітапхананың ішіндегі мұражаймен, оқу, электрондық, диссертация залдарымен толық танысып, қызығушылықтарын білдірді. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар факультетіндегі компьютерлік ғылымдар кафедрасының ақпараттық технологиялар және дизайн студенттік зертханаларында  болды. Ғылыми зерттеу тақырыптары бір болғандықтан, пайдалы ақпаратпен пікір алмасып, болашақта тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлескен жобалар жасауға келісім жасалды.