ВОЛЕЙБОЛ

2 наурыз, 2024

ВОЛЕЙБОЛ

 02/03/2024

 Волейбол. Жатақхана арасындағы біріншілік.

 2024 жылдың 2 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде, №1 залда кампус әкімшілігімен (директоры – Сейітжанов Әбдіқаһар Әнуарұлы) студенттер үйінде тұратын студент қыздар арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 13 қыздар командасы қатысты.  Ойындар олимпиадалық жүйе бойынша өтті – жеңіліп қалсаңыз, жарыстан шығып қаласыз. Қаһарлы тартыста орындар былайша бөлінді:

 1 орын – No4 Студенттер үйі – География және табиғатты пайдалану факультеті

 2 орын – No17 Студенттер үйі – Филология факультеті

 3 орын – №6 Студенттер үйі – Жоғары Оқу Орнына дейінгі білім беру факультеті

 Ойындар қызықты өтті. Барлық қатысушылар үлкен ынтамен ойнады. Жанкүйерлер өз командаларына белсенді түрде қолдау көрсетті.

Спорт Клуб

Басқа жаңалықтар