Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «14 наурыз – Көрісу күні» ерекше аталып өтті. Университет ұжымы, барлық факультет сән салтанатымен бір-біріне ыстық ықылас, жылы лебіздерін білдіріп, мерекеге орай ерекше дастарқан жайды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы саналатын қыстың көбесі сөгіліп, жақсылықтың жайма-шуағы жалғасты. Ренжіскен татуласып, көріспеген қауышатын көрісу күні – дәстүрдің озығы, сыйластықтың нышаны.
Басқа жаңалықтар
16 қараша, 2024