Үздік- 20 студент

15 наурыз, 2024

ҚазҰУ тарихында алғаш рет! 
ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында университет өзінің үздік 20 студентін Түркия елінің Анталия қаласына іс-сапарға жіберді. Бұндай жағдай - ҚазҰУ тарихында алғаш рет орын алып отыр. Іссапар кезінде студенттерге қолайлы жағдай жасалып, олар 5 жұлдызды Club hotel Sera қонақүйге орналастырылды. Сондай-ақ, студенттерді арнайы трансфер күтіп алып, елдің көрікті жерлерін аралатып, нағыз түрік колоритімен таныстыруда.