ТДМ-3: «Сұңқар Кубогы»

18 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен «СҰҢҚАР КУБОГЫ» КВН ойындарының ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДЫҚ кезеңі болды.

Әдемі әуен, қағытпа қалжыңымен көрерменге шынайы күлкі сыйлап, орынды әзілімен өзекті тақырыптарды қозғайтын нағыз өнер тарландарының ҚазҰУ төрінде бас қосуы өте жоғары деңгейде өтті.

ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН ҚҰРАМАЛАР:
1.«Фараби» – Механика-математика факультеті
2.«Авангард» – Химия және химиялық технология факультеті
3.«Миллиард» – География және табиғатты пайдалану факультеті
4.«Бостон» – Экономика және бизнес жоғары мектебі
5.«Эйфория» – Журналистика факультеті

«ЕҢ ҮЗДІК ЖАНКҮЙЕР» номинациясымен – Механика-математика факультетін, «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» номинациясымен – Әшім Аманжолды құттықтаймыз!