- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мүддесі үшін Қазақстандық білім беру жүйесіндегі үздіксіз даму парадигмасы: тәжірибе және перспективалар» атты V Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы
Тұрақты даму мүддесі үшін Қазақстандық білім беру жүйесіндегі үздіксіз даму парадигмасы: тәжірибе және перспективалар» атты V Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы
2024 жылғы 15 наурызда «Тұрақты даму мүддесі үшін Қазақстандық білім беру жүйесіндегі үздіксіз даму парадигмасы: тәжірибе және перспективалар» атты V Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған конференцияны филология факультетінің шетел тілдері кафедрасы ұйымдастырды. Конференцияға алыс-жақын шетелдерден 250-ден астам ғалымдар, зерттеушілер, жас зерттеушілер, докторанттар мен магистранттар қатысты. Конференцияға негізгі шақырылған спикерлер: Анатолий Леонидович Бердичевский, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Еуропалық жобалардың жетекшісі, Вена, Австрия; Кристофер Кортен, Ph.D., Адам Мицкевич университетінің профессоры, Познань, Польша; Паула Оржеховска, Адам Мицкевич университетінің ағылшын тілі кафедрасының профессоры, Познань, Польша; және Куршат Джесур, Түркия, Чанаккале Онсекиз Март университетінің доценті қатысты.
Бұл конференция мәселелердің кең ауқымын қамтып және келесі үш секцияның жұмысын атқарды: – 1. Физика-техникалық ғылымдар мен технологиялары; 2. Жаратылыстану ғылымдары; 3. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары. Ғылыми жиын осылайша ғалымдардың ғылыми пікір алмасуына мүмкіндік беріп, жас ғалымдардың зерттеу нәтижелерін талқылау алаңы қызметін атқарды.
Конференция аралас форматта өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының 408 аудиториясында оффлайн режимінде, пленарлық отырысқа қатысушылар үшін ZOOM платформасында және конференция секцияларының жұмысы үшін де онлайн режимде ұйымдастырылды. Секциялар барысында одан әрі даму мүмкіндігі бар өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды.