«Ақыл ойдың биосфералық рөлі»

7 наурыз, 2024

2024 жылғы 07наурыздабиофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доцент м.а Кулбаева М.С.6B05102-Биология мамандығының 3 курс студенттерімен «Ақыл ойдың биосфералық рөлі»тақырыбы бойынша ТДМ 12 шеңберінде табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін, барлық тіршілікті құрметтеуге тәрбиелеу; студенттерге табиғаттың тағдыры үшін моральдық жауапкершіліктерін түсінуге көмектесу; экологиялық мәдениетті қалыптастырумақсатында дәріс өткізілді.

    

Қазіргі уақытта ғаламдық экологиялық жағдайлардың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымымен және биосфераның ресурстық-экологиясы өзекті мәселе. Дәріс студенттерге экологиялық мәселелердің алдын алу механизмдері, себептері мен әдістері туралы түсінік қалыптастыруға және тәрбиелеуге бағытталған. Дәрістен бөлек студенттер тақырыпқа сай  ультракүлгін сәулесінің адамзатқа зиянды жақтарына талдау жасап, қосымша тақырып ретінде “Экология” бағытына сәйкес көрініс құрды.Көріністің мақсаты - адамдардың табиғатты қорғауды алдын алу, осы мәселе бойынша білім алуға деген ұмтылысты қалыптастыру, өз іс-әрекеттерін бақылау және олардың нәтижесін болжау.Қазіргі пластикалық ыдыстарды, қоқыстарды сұрыптап бөлек жинау, целофандарды мүмкіндігінше пайдаланбауға ұсынылды, ашық ауада демалу барысында табиғатты ластамауға, қоқыстарды арнайы жерге тастауға кеңес берілді, табиғатты аялау туралы сұхбат алынды, кеңестер берілді.