«Таза су: өмірдің негізгі ресурсы» (ТДМ 6: Таза су және санитария)
2024 жылдың 18 наурызында биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 6: Таза су және санитария) аясында «Таза су: өмірдің негізгі ресурсы» атты ғылыми семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты - су ресурстарының жағдайы мен олардың ластануына байланысты мәселелер туралы қазіргі кездегі өзекті мағлұматтар мен зерттеулермен таныстыру.
Баяндаманы молекулалық биология және генетика кафедрасының доцент м.а., PhD. Ловинская А. В. жасады. Баяндамада су ресурстарының ластануы бойынша ғылыми-талдамалық шолу ұсынылды, Қазақстанда және әлемде жер үсті табиғи суларының ластануын бақылау және бағалау бойынша өзекті зерттеулер (оның ішінде өз зерттеулері) келтірілді. Сондай-ақ, су ресурстарын жақсарту және тазартылмаған ағынды сулардың пайызын азайту мысалдары келтірілген.
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультеті, 526 ауд., уақыты: 14.00. Ұйымдастырушылар: Ловинская А.В. және «6В05105 – Генетика» мамандығының студенттері