«Азаматтық құқық (жалпы. ерекше бөлім )» пәні бойынша университетаралық оn-line олимпиадасы. .

20 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті «Азаматтық құқық (жалпы. ерекше бөлім )» пәні бойынша университетаралық оn-line олимпиадасын өткізеді. 

Олимпиада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасымен өткізіледі.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Олимпиаданың тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Онлайн тестілеуден өту үшін алдымен https://online-test.kaznu.kz/ 20.03.2024-23.03.2024 cайтында тіркелу қажет.

Олимпиаданың мақсаты – азаматтық заңнаманың негізгі ережелерін түсіну мен белсенді түрде үйренуді ынталандыру, тәжірибелік заңды мәселелерді шешу үшін құқықтық норманы қолдана білу мен аналитикалық дағдыны жетілдіру, сондай-ақ дарынды және талантты студенттерді таңдау және қолдау .

Олимпиаданы өткізу тәртібі: олимпияда екі кезеңмен өткізілді.

Бірінші кезең – 2024 жылдың 20-наурыздан 25-наурызға дейін Олимпиада қатысушыларын on-line тіркеу.

Екінші кезең – онлайн – тестілеуге қатысу және жоба жұмысын дайындау және өтткізу.

Бірінші тур – 2024 жылдың 27 наурызда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін тестілеу өткізіледі. 50 тест сұрақтары беріледі, оларды шешу үшін 60 минут уақыт бөлінеді.  Тест сұрағының бір дұрыс жауабы екі баллға теңестіріледі. Ең жоғары балл мөлшері – 100 балл. 50 және одан да жоғары балл жинаған студенттер екінші турға жіберіледі.

Екінші тур 2024 жылдың 28-қараша мен 29-қараша аралығында оn-line режимде өтеді. Азаматтық құқықтың өзекті тақырыптары бойынша ғылыми жобаның ұсыну керек. Тақырыптардың тізімі  мен жобаны жасау үлгісі https://docs.google.com/presentation/d/1gqYI_PmSHN5VswElPQi_isvAY8avIyOt/edit?usp=sharing&ouid=118191347742624823885&rtpof=true&sd=true осы сілтемеде көрсетілген. Қатысушы ұсынылған 20 тақырыптың ішінен 1 тақырыпты таңдайды. Ғылыми жоба барлық талаптарға сай болуы керек. Жұмыстарды gulnur31@mail.ru поштасына жіберу керек.  

Екінщі турды бағалау критерийлері:

  • Ұсынылған материалдың өзектілігі, нысаны мен сапасы – 25 балл;
  • Жобаның ғылыми жаңалығы – 25 балл;
  • Жобаның ерекшелігі мен креативтілігі – 25 балл;
  • Жобаның тәжірибелік маңыздылығы – 25 балл .

Ең максималды балл мөлшері – 100.

Олимпиадаға оған қатысу үшін өтінішті белгіленген тәртіпте тапсырған ҚР ЖОО-ның 1-4 курс бакалавриат студенттері қатыса алады.

ЖОО басшылығы бекіткен өтініш бір өтініште ЖОО атынан қатысатын барлық қатысушылардың аты көрсетілген электронды үлгіні толтыру жолымен жіберіледі. Бір ЖОО атынан қатыса алатын студенттердің саны 10-нан аспауы қажет. Олимпиада өткізіліп жатқан кезеңде қатысушылардың құрамын өзгертуге болмайды.

Қатысушылардың жеке нәтижелері олимпиаданың екінші кезеңінің екі турының нәтижелері бойынша жиынтық балдың қорытындысы негізінде анықталады. Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары 1-3 орын дипломдарымен, және ақшалай сыйлықтармен 1 орын – 50 000 тенге; 2- орын – 30 000 тенге; 3-орын – 20 000 тенге, сондай-ақ, олимпияда қатысушылары сертификаттармен марапатталады.

Жеңімпаздарды марапаттау 2024 жылдың 30 наурызда өтеді.

Олимпиаданың координаторы – Худайбердина Гульнура Азраталиевна

Эл почта –  gulnur31@mail.ru

Тел: +777-118-45-39

 

 

Олимпиядаға қатысу өтініш

Аты -жөні

 

Қала, область

 

ЖОО

 

Курсы, мамандық

 

Жетекшінің аты -жөні байланыс телефондары

 

Қатысушының байланыс ақпараттары тел/e-mail