“Гендерлік теңдік- ел өркендеуінің кепілі”
Дәл осы бір тақырыпты ашық түрде талқылау үшін 2024 жылдың 18 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультетінің “Кино және медиа” мамандығына Филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының ф.ғ.к., доцент Ғ.Қ.Иманалиеваның жетекшілігімен 1-курс магистранты Жұманқызы Алтынның ұйымдастыруымен “Гендерлік теңдік- ел өркендеуінің кепілі” атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты студенттерді барынша дұрыс ақпарат көздерімен қамтамасыз етіп, олардың да ой-пікірлерін анықтауға бағытталды.
Студенттерді алдын ала өткізілген сауалнама нәтижесімен таныстырып, әлемдегі “гендерлік теңдік” туралы сөз қозғап, қазақ халқында қалыптасқан ер мен әйел адамның портреті талқыланды. Шынында біздің көз алдымыздағы бұл портреттердің басым бөлігі халық арасында кеңінен таралған таптаурындардың бірі екеніне көзіміз жетіп, дұрыс ақпарат қайсы, бұрыс ақпарат қайсы екенін білдік.
Бұдан бөлек ашық тәрбие сағатында гендерлік теңдік тақырыбына қатысты түсірілген кинолардың бірқатарымен танысып, сол фильмдердің сюжеті де талқыланды. “Гендерлік теңдікті” қолдайтындар және қолдамайтындар болып екі топқа бөлініп өзара пікір сайыс ұйымдастырылды. Аталмыш тақырып туралы жазылған мақалалардағы, БАҚ құралдарындағы ақпараттар, осы мәселеге қатысты еліміздегі заңдармен танысып, студенттердің білім аясының кеңеюіне үлкен септігін тигізді.