- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 5. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК «Оңтүстік Корея мен Қазақстандағы еңбек нарығындағы және мансаптағы гендерлік теңсіздік» тақырыбындағы дөңгелек үстел
ТДМ 5. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК «Оңтүстік Корея мен Қазақстандағы еңбек нарығындағы және мансаптағы гендерлік теңсіздік» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2024 жылдың 18 наурызында шығыстану факультетінің деканы Ем Н.Б. «Шығыстану» мамандығының 2 курс студенттерімен «Оңтүстік Корея мен Қазақстандағы еңбек нарығындағы гендерлік теңсіздік және мансап» тақырыбында тұрақты даму мақсаты аясына бағытталған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты студенттерге еңбек нарығындағы гендерлік алшақтықтардың себептерін, Корея мен Қазақстандағы гендерлік алшақтықты азайту бойынша қабылданған шараларды түсіндіру болды.
«Шығыстану» мамандығының студенттері еліміздегі гендерлік теңдік мәселесі туралы баяндамалар жасап, таныстырды және Корея Республикасымен салыстырмалы талдаулар жасады. Студенттер белсенді түрде пікір алмасып, осы мәселе бойынша өз шешімдерін ұсынды.
Факультет деканы Ем Н.Б. «ТДМ – тұрақты даму мақсаттары» бағдарламалық құжатымен студенттерді таныстырып, жаһандану жағдайында бұл бағдарламаның 17 бағытының әрқайсысы біздің елімізде де, жалпы әлемде де оның ішінде Кореяда кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, қоғамымыздың өркендеуіне қол жеткізу үшін барша азаматтар білуі тиіс нақты міндеттер қойылған.