ТДМ 4 «Сапалы білім беру» аясында 19 наурызда 2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы Б.М. Жугралина Талдықорған қаласының №27 мектебінде «ҚазҰУ өз талапкерлерін күтуде» тақырыбында бітіруші сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларды «Құқықтану», «Кеден ісі», «Қаржы құқығы» мамандықтарымен таныстырды. Бұл мамандықтар бүгінгі таңда ең беделді және қарқынды дамып келе жатқан мамандықтардың бірі болып табылады. Біздің университет қабырғасында болашақ заңгер мамандығына қажетті сапалы білім ала алады. Түлектер құқық қолдану қызметінің барлық салаларында: мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде, адвокатура мен нотариатта және мемлекеттік биліктің басқа да салаларында табысты жұмыс істейді. Оқу ақысын төлеу, өту балы, әскери кафедра бойынша сұрақтар қойылды.