Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спортклубы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлау үшін 20 наурызда ұлттық спорт күніне арналған ерекше іс-шара өткізді. Бұл күні қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлері атап өтілді, ал ұлттық спорт түрлері арқылы студенттердің рухы шыңдалды.
Мереке қарсаңында спортклуб ұжымы қазақша күрес, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күрес, асық және бес тас сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырды. Студенттер бұл шараға белсенділікпен қатысып, өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті.
Бұл іс-шара ҚазҰУ қауымдастығын ұлттық мұраға құрмет көрсетуге және бір-бірімен бірлікті нығайтуға шақырды. Спортклуб ұжымының белсенді қатысуы ұлттық мейрамды атап өтуге зор үлес қосты.
Біздің бірге басқарған бұл күн, біздің мәдениетіміздің байлығын және спорттың біріктіретін күшін тағы бір мәрте дәлелдеді. ҚазҰУ спортклубының мүшелері мен университет студенттері арасындағы бауырмалдық пен өзара құрмет - осындай іс-шаралардың негізгі құндылығы.
Бұл тәжірибе бізге тек спорттық жетістіктер ғана емес, сонымен қатар ұлттық мұраларымызды қадірлеу мен жалғастырудың маңызын еске салды. Ендеше, келесі жылы да осындай маңызды мерекені бірге атап өтейік!
Спортклуб
https://www.instagram.com/reel/C4ukGQEN3TS/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==