ТДМ-16 Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар
Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы «Наурызнама» кестесінің бесінші күні «Ұлттық киім күні» деп аталады. Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы аталған мерекені студенттермен бірге өткізді. Ұлттық киім – ұлттың сәні. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Іс-шараның мақсаты - қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау, қазақтың ұлттық киімдерінің өзге халықтарға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпшілікті таныту болып табылады.
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы С.М.Жапақов 102 топ студенттерімен «Ұлттық киім дәстүрлі құндылық» тақырыбында ТДМ-ң 16 бағыты бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар аясында іс-шара өткізді.
Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр.
Наурыз құтты болсын!