ТДМ -3 Жақсы денсаулық және әл-ауқат
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы бүгін 20.03.2024 жылы Наурызнаманың «Ұлттық спорт күніне» орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараны кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Куаналиева ресми түрде ашты. Іс-шараға кафедраның профессорлық- оқытушылық құрамы, факультеттің оқытушылары қатысты. Сонымен қатар, кафедраның эдвайзер кураторлары М.Н.Үмбетов, С.М.Жапаков, А.А.Есекеева, Р.Е. Ережепқызы, А.Қ.Джангабулова, Б.К.Калымбек өз топтарының студенттерімен ұлттық спорт күніне ерекше дайындықпен келіп, әртүрлі жарыстарға қатысты.
Ұлттық спорт күні ТДМ - 3 жақсы денсаулық және әл-ауқатты дәріптеу мақсатында өткізілді.
Ұлттық спорт түрлері еліміздің брендіне айналған. Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған. Осыған орай студенттер арасында арқан тартыс, ләңгі тебу, қол кұрес, білектесу ойындары ұйымдастырылды. Бүгінде Ұлттық спорт ойындары көпшіліктің қызығушылығын оятуда. Осы ойындарды тамашалау арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрімен де таныса алады. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсатта осы еді. Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған.
Наурыз құтты болсын достар!