Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Нұрат Ілияс Стамбул университеті, Түркітану ғылыми-зерттеулер институтының «Түркітану институтына 100 жыл» атты дөңгелек үстелге қатысты

20 наурыз, 2024

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Нұрат Ілияс Стамбул университеті, Түркітану ғылыми-зерттеулер институтының «Түркітану институтына 100 жыл» атты дөңгелек үстелге қатысуына шақыртуымен  Түркияға, Стамбулға барып институттың жаңадан тағайындалған директоры Айше Зишан ханыммен енді офлайн танысып,  кафедраның Стамбул университеті магистранттары мен докторанттары үшін арнайы ұйымдастырған “Қысқы мектеп” сертификаттарын табыстады. Кейін осы институттың оқытушы-профессорлар құрамымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Түркітану инситутының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты “100 іс-шара” ұйымдастырмақшы. Соның  бірнешеуін Түрксой  кафедрамен бірлесіп өткізілетін болды. Екі жақтың докторанттары бір-бірлерінде практикадан өтеді.

Нұрат Ілияс сонымен  Стамбул сауда университетіне  ректор болып жаңадан сайланған,  Абдулхамит Авшар мырзаның қабылдауында болды. Студенттердің  екі жақты тәжірибеден өтуі келісілді.

 Нұрат Ілияс