Наурыз – мейіірім мен қайырымдылық мерекесі. Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес 15–наурызда Қазақстан халқы «Қайырымдылық» күнін атап өтті.
Наурыз мерекесі шеңберіндегі 15-Наурыз қайырымдылық күні аясында университет жастары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, География және табиғатты пайдалану факультетінің, «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының 7М05209-Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару мамандықтарының 1-ші және 2-ші курс магистранттары, Түсүпова Б.Х., Құрбанова Л.С. жетекшілігімен қайырымдылық іске белсене қатысты. Олар Алматы қаласында тұратын көп балалы жалғыз басты анаға азық-түлікпен көмектесу арқылы үлкен игі іс жасады.
Сонымен қатар, қайырымдылық өз кезегінде тұрақты дамудың 1-ші және 2-ші мақсаттарында айқын көрініс табады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушылары тұрақты дамудың мақсаттары аясында қайырымдылыққа өз үлестерін қосты.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім ордасында жастарды біліммен сусындатып, қайырымдылықты бойларына сіңіре отырып, білікті маман, қайырымды жан ретінде қоғамда өз орындарын табуға жол сілтейді.