«Денсаулыққа қатерлі негізі факторлар»
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің «Қиыр Шығыс» кафедрасында оқытушылар Абаған А. және Жаханова Ж. 3 курс студенттер арасында Тұрақты даму мақсаттары №3 «Денсаулықты сақтау және қорғау» аясында «Денсаулыққа қатерлі негізі факторлар» тақырыбында тренинг өткізді.
Қазіргі таңда денсаулыққа зиянды әрекеттер қатарында ішімдік ішу, шылым шегумен қатар нашақорлық жастар арасында дендеп барады. Осы әрекеттерді алдын алу үшін 3 курс «Шығыстану» мамандығы студенттері арасында тәрбие жұмыстары жүргізілді. Студенттер ертеңгі болашақ үшін, денсаулықты сақтау ретінде осындай жағымсыз әрекеттерден бойын алшақ ұстап, ертеңгі өмір өз қолдарында екені жайлы пікір алмасты.
Қоғамда, отбасыда көптеген қиыншылықтар мен қасіреттер ішімдік ішу, шылым шегу мен нашақорлық тәрізді теріс дағдыдан пайда болатындығы түсіндірілді. Зиянды әдеттердің салдарынан өмір сүру ұзақтығы қысқарып, халықтың өлім-жітім көрсеткіші артып, ақаулы ұрпақ дүниеге келеді. Зиянды әдеттермен күресудің басты «қаруы» – ақпарат беру. Әрбір адам олардың адам ағзасына келтіретін зияны туралы ақпарат бере отырып студенттер өзара талқыға салды.