«Ұлттық құндылықтардың ұлық мерекесі-Әз Наурыз»

19 наурыз, 2024

 

 

Биылғы жылы, еліміздің президенті  жаңа жыл мен көктемнің басталуын бейнелейтін, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тамыр жайған басты мерекелердің бірін атап өтудің жаңа форматын ұсынған болатын. 2024 жылдан бастап Наурыз мейрамының 14-23 наурыз аралығында тойлануы және бұл кезеңді «Наурызнама» деп атау ұсынылды. Жаңа өзгерістер аясында Көрісу күні, Қайырымдылық, Ұлттық дәстүр, Отбасы, Ұлттық киім, Жаңару, Ұлттық спорт түрлері, Ынтымақ, Бірлік, Жаңа жыл және Тазалық күндері аталып өтіледі.

Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мәдениеттану білім бағдарламасының 1-курс докторанттары президенттің бастамасына ғылыми-мәдени сүйемелдеу ретінде философия және саясаттану факультетінде 2 күнге жоспарланған Наурыз мейрамын мерекелеудің өзіндік форматын ұсынды. Атап айтқанда, 18 наурыз күні ҚазҰУ-дың №9 студенттер жатақханасында «Наурыз жайында не білесіз?!» атты зияткерлік сайыс пен ұлттық кино кеші сияқты мәдени іс-шараларды ұйымдастырса, 19 наурыз күні философия және саясаттану факультетінің дәлізіндегі киіз үй маңында «Ұлттық құндылықтардың ұлық мерекесі-әз Наурыз» атты мерекелік іс-шараны ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара халқымыздың «Көрісу» салтымен басталып, студенттер мен оқытушылар өзара құшақ айқастырып, бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, ауыл серілерін еске салатын факультетіміздің әнші-күйші қыз-жігіттерінің өнерін тамашалап, киіз басу өнерінен шеберлік сағатын өтті.

Аталмыш мерекелік іс-шаралар халқымыздың ұлық мерекесі әз Наурыздың жаңаша форматта тойланып, қайта жаңғыруына бірден-бір себеп болды.