Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанттары университеттің 90 жылдығына арналған Ардагермен кездесу ұйымдастырды

18 наурыз, 2024

 

 

ҚазҰУ докторанттары педагогикалық тәжірибе аясында Философия және саясаттану факультетінде 18 наурыз күні ҚазҰУ 90 жылдығы негізінде «Ардагерлермен кездесу» іс шарасына Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 1 курс докторанттары Кушербаева Әлия және Қабылбаева Нұргүл шараны ұйымдастырды. Сонымен қатар іс шараға үлкен қолдау білдірген, ұйымдастырушысы Философия ғылымдарының докторы, профессоры педагогикалық тәжірибе жетекшісі Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызымен бірге өткізілді. Іс шараны өткізу барысында Дінтану және мәдениеттану кафедрасының философия ғылымдарының докторы, профессоры  ардагеріміз, ұлағатты ұстаз Байтенова Нағима Жаулыбайқызы арнайы қонағымыз ретінде шақырылды. Іс шараны өткізудің негізгі мақсаты жас ұрпаққа Ардагеріміздің керемет жетістіктерімен таныстыру,  қызықты сұхбат өткізу арқылы ҚазҰУ профессор қауымымен кездесу болды. Кездесу барысында Нағима Жаулыбайқызының қазіргі таңда «Дінтану: бүгіні мен болашағы» атты тақырыпта өзекті мәселелер талқыланды. Сұхбар барысында факультетіміздің 1-2 курс студтенттері мен  1 курс магистранттары қатысып, өздерінің сұрақтарын қойды. Нағима Жаулыбайқызы қазіргі кезде толықтай дінтану саласында көптеген ғылыми жобаларға қатысып, ғылыми кітаптар мен зерттеулер өткізуде, сонымен қатар Қазақстандағы өзекті секулярлы және постсекулярлы түсініктеріне және діни көзқарастарға талдау жүргізді. Студенттермен кездесу барысында  сұрақтар, пікірлер арқылы кездесу қызықты өткеніне сенімдіміз.

Бұл кездесуде кафедраның ғылыми және академиялық жетістіктерімізбен бөлісудің, сондай-ақ басқа университетіміздің  ғылыми топтардың жұмысы туралы көбірек білудің бірегей мүмкіндігі болды. Біз университетімізде Ұлағатты ұстаздарымызды мақтан тұтамыз және Ардагерлеріміздің ғылым саласында қызмет етіп жүргені біз үшін үлкен мәртебе.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы

Философия ғылымдарының докторы, профессор.

 

1 курс докторанттары

Кушербаева А.

Қабылбаева Н.