Халықаралық Қысқы Мектеп

25 наурыз, 2024

19 – 27 ақпан аралығында 2024 жылы Қазақ Ұлттық Университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебінің Менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Бизнесті басқарудағы заманауи мегатрендтер» атты Халықаралық Қысқы Мектеп өткізді.  

Аталмыш іс-шараға Әзірбайжанның (Әзірбайжан мемлекеттік экономика университеті, Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университеті), Ресейдің (Патрис Лумумбаатындағы Ресей халықтар достығы университеті), Қазақстанның (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) жоғарғы оқу орындарынан жалпы саны 100-ге жуық студенттері, магистранттары мен оқытушылары қатысты.

Қысқы мектеп спикерлерлері: Гарвард Университетінің (АҚШ), ЮвяскюляУниверситетінің (Финляндия), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Қазақстан), Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің (Қазақстан), Алматы Менеджмент Университеті (Қазақстан), «Тұран»Университетінің (Қазақстан) профессорлары, ҚР ҰЭМ ҒК Экономика институтының лаборатория меңгерушілері (Қазақстан), ҚР ПМҚ оқу орталығының директоры (Қазақстан) өз дәрістерін өткізді. 

Белсенді қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.