Есірткіге қарсы шара

25 наурыз, 2024

18.03.2024 ж  күні ТДМ 3 – “Жақсы денсаулық және әл-ауқат”  аясында өткізілген                                                              “Нашақорлық - адам өмірін жалмайтын қауіпті дерт” лекциясына “Менеджмент” кафедрасының студенттері және оқытушы Жайназар Ә.Ж. қатысты. Дәрісті Алматы қаласы прокуратурасы және Психикалық денсаулық орталығынан келген өкілдер жүргізді.

“Нашақорлық (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткіге қатысты проблемалар және есірткіні қолданудың алдын алуүшiн жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату, психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту қажет. Қарастырылып отырған проблема жайлы студенттердің  білім деңгейін анықтау. Дәріс есірткіні қолданудың себептері мен салдары және іс-әрекеттердің мүмкін стратегиясы туралы нақты ақпарат беру мақсатында өткізілді.