"Менің мамандыңым - менің болашағым" театрлық қойылым

25 наурыз, 2024

19.03.2024 жылы ТДМ 8 – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы 3 курс студенттері "Менің мамандыңым - менің болашағым" атты театрлық қойылымын ұсынды.   Мамандық таңдау және жұмыс табу – әр адам өз өмір жолында басынан өтетін екі маңызды кезең. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы еңбек нарығында ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады және түлектерді мемлекеттік қызметке дайындауға бағытталған. Болашақ мамандар келесі жерлерде жұмыс істей алады:

•⁠  ⁠Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппараты, ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелері;

•⁠  ⁠Экономика және қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстволар, агенттіктер);

•⁠  ⁠Жергілікті басқару органдары (аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімшіліктері) және атқарушы органдардың аппараттары;

•⁠  ⁠Ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар.