ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ 3: «ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТ». «САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ» АШЫҚ ЭДВАЙЗЕРЛІК САҒАТ

10 қараша, 2023

11 - қазанда География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы PhD, Қалдыбаева С.Т., т.ғ.к, аға оқытушы ДжексенбаеВ Н.К., қазіргі таңда өзекті болып отырған тұрақты даму мақсаттарының тақырыптарына арналған «Салауатты өмір салты» тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат өткізді. Аталған іс-шарада География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасындағы 6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының 1 және 2, 3 курс студенттері қатысты. Осы орайда айта кету керек, ашық эдвайзерлік сағат ТДМ: Жақсы денсаулық әл-ауқат» мақсатына сай өткізілді. Топтың куроторы студенттерге Тұрақты даму мақсаттырын, тарихын терең түсіндірді. Біздің еліміз үшін ТДМ қаншалықты маңызды екендігі баяндалды. Студенттер, салауатты өмір салтын қалай ұстану керектігін кезекпен баяндап, денсаулыққа немқұрайлы қарамауды, ішімдік, наркотик, газды сусындар, жылдам дайындалатын тағамдардың денсаулыққа қаншалықты зиян екенін түсіндірді. Сонымен бірге жоғар курс студенттері 1 курс студенттеріне арнайы сөз жұмбақтар жүргізу арқылы, денсаулықтың маңыздылығын қаншалықты түсінгендерін анықтады. Өткізілген ашық эдвайзерлік сағатты қорыта айтқанда «Денсаулық мол байлық» деп дана халқымыздың айтылған бір ауыз сөзінде терең мағына жатқандығын айтқымыз келеді, әрқашанда денсаулығымызға аса мән беріп, дұрыс тамақтана біліп, денсаулығымызды күте білейік.