ҚАЗҰУ ЖАЛПЫ УНИВЕРСИТЕТТІК СЕНБІЛІГІНЕ ҚАТЫСУ

7 қазан, 2023

«Жақсы денсаулық және әл-ауқат» ТДМ-3 щеңбер аясында «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының студенттері, магистранттары және оқытушылары 07.10.2023 ж. өткен ҚазҰУ-дың жалпы университеттік сенбілігіне белсене қатысты. Олардың айтуынша, сенбілік жай ғана тазалау шарасы емес, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға деген көзқарасты өзгерту, осы дүниеге бейбітшілік пен үйлесімділікті әкелу деп, атап өтті. Сонымен қатар, бұл дене қимылы аз өмір салтын ұстануға дағдыланған қазіргі адамдардың денсаулығы үшін жақсы физикалық белсенділік. Сондықтан, «Экология» мен «Геоэкология», «Экологиялық инжиниринг» пен «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтарының студенттері мен магистранттары сенбіліктерге және экологиялық бағыттағы басқада іс-шараларға әрдайым саналы түрде қатысады.

Сенбілікке қатысушылар: Зубова О.А., Құтжан А.Н., Қалдыбаева С.Т., Джексенбаев Н.Қ., Ошақбай А.А., 1-3 курс студенттері, 1 курс магистранттары.