Менің мамандығым - менің болашағым

11 наурыз, 2024

ТДМ.8 Лайықты жұмыс және экономиналық өсу

«Археология, этнология және музеология» кафедраның студенттері ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің антропология залында т.ғ.к., кәсіби антрополог Сихымбаева Күлән Бекетаевнаның дәрісі өтті. Оқытушылардан т.ғ.к., доцент Г.А.Мейрманова мен Phd, аға оқытушы А.Қ. Бейсегулова музейге барып антропология мамандығының ерекшелігіне байланысты бағыт бағдар беруге көмектесті.

Дәріс барысында Қазақстан жерінде өмір сүріп кеткен өз заманының тұлғаларының өмір сүрген аймағы мен уақытына, климатына байланысты өзгерген антропологиялық ерекшелігтеріне негізделді. Сонымен қатар, бізге сол тұлғалардың антропологиялық ерекшеліктеріне негізделіп жасалынған мүсіндерін де көрсетті. Олардың қатарында: Абылай хан, Әмір Темір, Кейкі мерген секілді атақты тұлғалар да болды. Одан бөлек антропологияның ең маңызды төрт саласы жайында мәлімет алдық. Панорамалық экпозиция ресейлік Н. Пожарский атты суретшісі ерекше етік жасаған.

Сол мәліметтерге сүйене отырып, біздің жерімізде өмір сүрген халықтар мен тайпалардың алғашында еуропеоид болып, уақыт өте келе белгілі оқиғаларға байланысты монголоидтық нәсілге айналуына нақты дәлелдерді көру арқылы көз жеткіздік.