ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ 3: «КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС» «КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ШАРАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ» АТТЫ АШЫҚ ЭДВАЙЗЕРЛІК САҒАТ

1 желтоқсан, 2023

01 - желтоқсан География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының т.ғ.к, аға оқытушы Джексенбаев Н.К., аға оқытушысы PhD, Қалдыбаева С.Т. қазіргі таңда өзекті болып отырған тұрақты даму мақсаттарының тақырыптарына арналған «Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша жедел шараларды қолдану» тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат өткізді. Аталған іс-шарада География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасындағы 6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының 2 және 1 курс студенттері қатысты. Осы орайда айта кету керек, ашық эдвайзерлік сағат ТДМ: «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» мақсатына сай өткізілді. Топтың куроторы студенттерге Тұрақты даму мақсаттырын, тарихын терең түсіндірді. Біздің еліміз үшін ТДМ қаншалықты маңызды екендігі баяндалды. Студенттер, Климаттың өзгеруіне қарсы күресті қалай ұстану керектігін кезекпен баяндап, Біз табиғаттың бір бөлігі болып табыламыз, Біздің планетамызда адам өміріне қолайлы климатты реттеу мен сақтаудың таңғажайып және бірегей татиғи тетігі бар. Жаһандық – судың айналымы мен ағыны, биогеохимиялық циклдар, топырақ құнарлығы және 15 деңгейіндегі тұрақты пемпература біздің планетамызда мыңдаған жылдар бойы сақталған. Біздің бүкіл өміріміз бен денсаулығымыз, әл-ауқатымыз бен экономикамыз климатқа туелді екенін түсіндірді. Сонымен бірге жоғар курс студенттері 1 курс студенттеріне арнайы сөз жұмбақтар жүргізу арқылы, климаттың маңыздылығын қаншалықты түсінгендерін анықтады. Өткізілген ашық эдвайзерлік сағатты қорыта айтқанда «Біріге көтерген жүк жеңіл» деп дана халқымыздың айтылған бір ауыз сөзінде терең мағына жатқандығын айтқымыз келеді, әрқашанда қоршаған ортаны қорғап, татиғатты аялай білейік.