«Өсімдіктердің молекулалық таксономиясы»

26 ақпан, 2024

Жақында биология және биотехнология факультетінің 8D05108 – Геоботаника мамандығының 2 курс докторанты Кәріме Абидкулова Эразмус+ бағдарламасы аясында 2023 жылдың күзгі семестрінде білім алған Венгриядан оралды. Зерттеулер Дебрецен университетінің (Дебрецен, Венгрия) Биология және экология институтының ботаника кафедрасында өтті. Осы уақыт ішінде Абидкулова Кәріме доцент Габор Шрамконың «Өсімдіктердің молекулалық таксономиясы» дәрістерін, «Өсімдіктердің молекулалық таксономиясы практикасы» практикалық сабақтарын тыңдады, сонымен қатар Қазақстанда жиналған сирек өсімдіктердің ұлпа үлгілерінің ДНҚ-сын бөліп алу және сапасын бақылау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мұндай зерттеулер генетикалық құрылымын түсіну және сақтау мақсатында популяцияның генетикалық деректерін алу үшін өте маңызды

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz