Тарихы терең, тағылымы мол ҚазҰУ

22 қаңтар, 2024

15 қаңтар – Әл-Фара­би атындағы ҚазҰУ-дың ресми құрылған күні. 
90 жылдық мерейтойға орай ҚазҰУ ұжы­мын құттықтап, жылы лебізін білдірген ақ тілек хаттар универ­ситет ректоры Жансейіт Түймебаевтың атына жан-жақтан келіп түсуде. Еліміздегі іргелі оқу орнының қуанышы­на ортақтасып, игі тіле­гін арнаған барша тілектес жандарға алғыс айтамыз. 

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы 
және Әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің ұжымы!

Сіздерді еліміздің көш­бас­шы университетінің 90 жылдық тор­қалы мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бәріміз үшін киелі шаңырақ болған білім ордасы – Қазақ­станның ғылымы, қоғамдық-саяси өмірі мен экономикасына елеулі үлес қосып келе жатқан жетекші оқу орны. Өз тари­хын­да университет мыңдаған жо­ғары білікті маман даярлап шы­ғарды. Олардың бірқатары көрнекті ғалым, еліміздің құр­метті қайраткерлері, ірі өндіріс және білім беру жүйесі ұйым­дарының жетекшілері ретінде қызмет атқарып, респуб­ли­камыздың мемлекеттік тұ­ғы­рын нығайту жолында абы­ройлы еңбек етуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – отандық жоғары білім беру жүйесінің қара шаңырағы. Универ­ситет­тің қалыптасуына белгілі ұлт қайраткерлері – Мұхтар Әуе­зов, Ермахан Бекмаханов, Тө­леген Тәжібаев, Өмірбек Жол­дасбеков, Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев және басқа да көптеген көрнекті тұлғалар зор үлес қосты. Сонымен қатар университет түлектерінің ара­сынан көптеген министрлер, Жо­ғарғы сот төрағасы, бас про­курор, орталық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы, пар­ламент төрағасы мен де­пу­таттары болған түлек­тері­мізді мақ­тан тұтамыз.

Университетте Қазақ­стан­ның қарқынды дамуына қажет­ті мамандар даярлайтын ака­де­миктер, профессорлар, ғы­лым кандидаты мен фило­со­фия докторлары, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қай­раткерлер, Қазақстан Рес­публикасы Мемлекеттік сый­лы­ғының лауреаттары, сон­дай-ақ мемлекеттік ғылыми стипендияның стипендиат­та­ры сабақ береді.

Бүгінде Farabi university ғы­лым мен білім берудің халық­аралық кеңістігінде лайықты орынға ие болып, жоғары білім сала­сында жетекші универ­си­теттердің біріне айналды.

 

Құрметті

Жансейіт Қансейітұлы!

Сіздің басшылығыңызбен уни­верситетіміз келешекте тек елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар бе­делді білім ұясына айна­ла­тынына сенемін.

Университет ұжымына шы­ғар­машылық табыс, жемісті еңбек, отбасыларына бақ-бе­реке тілеймін! Білім орда­мыз­дың тұғыры мығым, еңсесі биік болсын! Әрбір бастаған ісіміз табысты болсын!

Ізгі ниетпен,

Қайрат МӘМИ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының төрағасы

 

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы! 

Түркі академиясы және же­ке өз атымнан шынайы іл­ти­патымды білдіре отырып, осы хат арқылы өзіңіз басқарып отырған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы құтты болсын деген тілегімді біл­дір­гім келеді.

Тарихы тереңге бойлайтын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдері ішіндегі жетекші универ­си­тет­тердің қатарынан орын алады.

Қазақ ұлттық университеті – жоғары білім беру кеңістігінде әлемдік деңгейдегі универ­си­тет екенін ғылыми ізденістері мен қызметі арқылы дәлелдей алған білім ордасы. Уни­вер­си­тет ғылыми жетістіктері мен бәсе­кеге қабілетті маман­дар­ды даярлау тұрғысынан да көш бастап тұр.

Қазақстан және, жалпы ал­ғанда, түркі әлемінің ғылыми әлеуетінің жоғарылауына зор үлес қосып келе жатқан Қазақ ұлттық университетінің тор­қалы тойы құтты болсын! Бо­ла­шақта да өзіңіз басшылық етіп отырған білім ордасының талай шыңдарды бағындыра береріне сенім артамын.

Осы орайда, сізге және университет ұжымына құрмет сезімімді жеткізе отырып, түркі дүниесінің білімі мен ғылымын одан әрі дамытып жатқан істеріңіздің жемісті жал­ға­са­тынына тілектестік білдіремін.

Құрметпен,

Шахин МҰСТАФАЕВ,

Түркі академиясының президенті, т.ғ.д., академик

 

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы!

Сізді және Әл-Фараби атын­­дағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің ұжымын уни­вер­ситеттің 90 жылдық ме­рей­тойымен шын жүректен құт­­­тық­таймын!

Тоқсан жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің үздік дәстүрлерін сақтап, Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің білім беру жүйесінде биік орынға ие болған бірегей жоғары оқу орындарының біріне айналды. Университет түлектері Қазақстанның бар­лық салаларында жемісті қыз­мет атқарып, мемлекетіміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуына баға жет­пес үлес қосуда.

Қазақстанның жетекші уни­вер­ситеті ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік қо­ғам­дастыққа мыңдаған шет­елдік студенттерді дайындап, Қазақстанның жоғары білімінің беделін едәуір көтерді.

Университет түлегі ретін­де, Жансейіт Қан­сейіт­ұлы, сіз­ді, бүкіл профессор-оқы­ту­шылар құрамын және Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың мың­да­ған студент жастарын осы ай­тулы күнмен құт­тық­таймын. Сізге зор денсаулық, мол табыс, жоғары рейтинг­тер мен дарынды студенттер тілеймін!

 

Құрметпен,

Шахрат НҰРЫШЕВ,

Қазақстан

Республикасының

Қытай Халық Республикасындағы

төтенше және өкілетті елшісі

 

Құрметті

Жансейіт Қансейітұлы!

Назарбаев университетінің атынан сізді және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің ұжымын оқу ор­нының 90 жылдық мерей­то­йымен шын жүректен құт­тықтаймын! Осы айтулы манызды оқиғаны біз үлкен қуаныш және мақтаныш деп білеміз.

1934 жылы құрылған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті академиялық шеберліктің үлгісі және Қа­зақ­стандағы жоғары білім берудің ізашары болып табылады. Өр­шіл жоспарларымен, ауқымды реформаларымен және ке­ре­мет жетістіктерімен ерек­ше­ленген дәуірде сіздің жоғары оқу орныңыз ұлттың зияткерлік және мәдени ДНҚ-сына ай­тар­лықтай үлес қосты.

Біз ҚазҰУ-дың Назарбаев уни­верситетімен отандық ғы­лым мен білімді ілгерілетудегі жемісті ынтымақтастығын те­рең бағалаймыз. Универ­си­тет­тің білімге және елдің жаңа ұрпағы үшін жоғары білікті ма­мандарды дайындауға ұм­ты­лысы Қазақстан Рес­пуб­ли­касының өсіп-өркендеуіне ық­пал етіп қана қоймай, Ор­талық Азия өңіріне және одан тысқары жерлерге өзінің оң ықпалын таратты. Эконо­ми­ка­ны, бизнесті және бүкіл қоғам­ды алға жылжытатын көш­бас­шылардың келесі ұрпағын тәр­биелеуге деген сіздің ең­бегіңіз жоғары бағаға лайық.

Біз еліміздің академиялық құрылымындағы универ­си­тет­тің рөлін жоғары бағалаймыз және университет түлектерінің қосқан орасан зор үлесін, сондай-ақ сіздің ғылыми зерт­теулеріңіздің нәтижелерін мо­йындаймыз.

ҚазҰУ-ға алдағы уақытта табыс пен өркендеу тілеймін. Келесі тоқсан жыл сіздер үшін бұдан да зор жетістіктермен, инновациялармен және жақсы нә­тижелермен ерекшеленсін.

Сізді осы айтулы мерей­той­мен тағы да құттықтай отырып, уни­верситеттеріміздің ара­сындағы ынтымақтастық пен достықтың одан әрі жал­ғасатынына үміттенемін.

Құрметпен,

Қадиша ДАЙЫРОВА,

Назарбаев университеті президентінің м.а.

 

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрыл­ға­нына 90 жыл толуына орай, сіздерді үлкен құрметпен және шынайы мақтанышпен құт­тық­таймын!

1934 жылы құрылған сәттен бастап сіздің университетіңіз тек Қазақстанда ғана емес, әлемдегі жоғары білімнің флаг­маны ретінде қызмет ететін білім және ғылым саласында тұрақты, жетекші орынға ие болды. Университеттік ғылы­ми-зерттеу, білім беру және тәр­биелеу саласындағы ерек­ше жетістіктер жоғары мақ­та­нышқа лайық. Сіздің түлек­те­ріңіз біздің заманымыздың тарихы мен мәдениетінде зор үлес қосып жүр және әртүрлі салаларда бірегей жетіс­тік­терді көрсетуді жалғастыруда. Бұл олардың таланты мен та­бан­дылығы үшін ғана емес, со­нымен қатар оқу ордасында алынған жоғары сапалы білі­м­нің дәлелі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті сіздің бас­шылығыңызбен бірегей дәс­түрлер мен мәдениетті сақ­тай отырып, әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікке сү­белі үлес қосуын жалғас­ты­рады. Сіздерді және универ­си­тет ұжымын осы атаулы ме­рей­тоймен құттықтаймын!

Университетке жаңа жетіс­тік­тер, өркендеу, біздің қоғам­ның және бүкіл әлемнің игілігі үшін әрі қарай дамуды тілеймін.

Ізгі ниетпен,

Берік ҚАНИЕВ,

«Lancaster Group Kazakhstan» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

 

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы!

Сізді және сіз басқарып отыр­ған оқу ордасы – Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің 90 жылдық мерейтойымен құттық­тай­мын!

«Талпыныс тәжі – табан­ды­лық» деген тәмсілді айтып, адамзаттың «екінші ұстазы» атан­ған Фараби универ­си­те­тінің ғылым мен жоғары білім кеңістігіндегі беделі биік. Оқу орнындағы талпынған студент­тер­дің тоқпағы тасқа шеге қа­ғып, табандылықпен ел мүд­десіне еңбек етіп жүрген тү­лек­теріңіз де баршылық.

Жаһандық және отандық рейтингтерде топ жарып келе жат­қан оқу орнының стра­те­гиялық бастамалары қашанда құпталып, ғылым шеңберіндегі мәселелердің инновациялық шешімдерін тауып келеді. Мін­бер­ден ұлт қамын күйттеп, рухани кемелденуді азаматтық ұстаным еткен Farabi university ұжымына айтулы күні кәсіби-шығармашылық жетістіктер тілеймін.

Университетте қоғамдық бел­сенділігі жоғары, таным көк­жиегі кең ұрпақтар ара­сындағы рухани сабақ­тас­тық­тың ғұмырлы болатынына бек сенімдімін.

Eржан ӘМІРБЕКҰЛЫ,

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор