Ректор халықаралық форумда баяндама жасады

5 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Шанхай қаласында өткен World Digital Education conference форумына қатысты. Ауқымды шарада ҚХР білім министрі Хуай Цзиньпэн, білікті ғалымдар, жоғары лауазымды тұлғалар және халықаралық ұйымдардың өкілдері мен елшілер бас қосты.
Форум аясында Қытай­да­ғы білім беруді цифрландыру ту­ра­лы шағын фильм (Shanghai Expo Centre) көрсетілді. Кон­фе­ренцияда ҚХР білім ми­нистрі, халықаралық ұйым­дар­­дың бас­шылары, уни­­вер­ситеттер рек­торлары, цифрлық білім беру бойынша сарапшылар және т.б. баянда­ма­лар жасады.
ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев өз баяндамасында университеттің цифрландыру тәжірибесіне, халықаралық ын­тымақтастығы мен зерттеу бағыттарына тоқталды.
«Бүгінгі таңда университет БҰҰ-ның Тұрақты даму мақ­сат­тарын іске асыруға үлес қосып, білім беруді цифрлық транс­фор­мациялау арқылы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуды жал­ғас­тыруда. Университет жа­сан­ды интеллектіні қолдана оты­рып, инновациялық шешім­дерді шетелдік әріптестерімен бірлесіп әзірлеуге баса назар аударып келеді. Білім, ресурс­тар және тәжірибе алмасу үшін басқа универси­тет­тер­мен, ком­паниялармен, үкімет­тік жә­не үкіметтік емес ұйым­дар­мен серіктестікті күшейту арқылы ұлттық және жаһандық деңгейде белсенді ынтымақ­тас­тық қажет. Сондай-ақ жоға­ры оқу орындары әлеуметтік жауапкершіліктерін арттырып, өз қызметінде тұрақты даму тәжірибесін енгізуі тиіс», – деді ҚазҰУ ректоры.
Бүгінгі таңда Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ ҚХР-дың 57 жоғары оқу орнымен, ғылыми ұйымдарымен тығыз ынты­мақ­тастықта. ҚазҰУ-да 975 қы­тай­лық студент білім алуда. Кам­пуста Жерді қашықтықтан зондтау орталығы жұмыс іс­тей­ді. Жоба 2018 жылы ҚХР Ғы­лым академиясының Аэро­ға­рыш­тық ақпарат ғы­лы­ми-зерттеу институтымен бір­лесіп іске қосылды. 2022 жылы ҚазҰУ базасында Сол­түс­тік-батыс политехникалық уни­вер­си­тетінің (Сиань қ.) филиалы ашылды.

2024 жылдың 26 қаңтарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытайдың Үрімжі қаласында тұңғыш рет ғылыми-инновациялық көрме өткізді. Қытай Халық Респуб­ли­касы Білім министрлігінің ша­қыртуымен ұйымдас­ты­рыл­ған шараға жергілікті 196 уни­вер­ситеттің ректорлары мен ғылыми-зерттеу орта­лық­та­ры­ның басшылары, 600-ден астам Қытай универси­тет­терінің өкілдері, 40 ірі өндіріс кор­порациясының басшылары мен екі елдің дипломатиялық корпусы, ғалымдар мен кәсіп­керлер қатысты.

Шанхай қаласында өтіп жат­қан халықаралық форум бары­сын­да Дүниежүзілік цифрлық бі­лім беру альянсының инау­гу­рациясы, Қытайдың зияткерлік бі­лім беру платформасының ха­лық­аралық нұсқасын іске қо­су рәсімі өтті, cондай-ақ Қы­тай мен басқа елдер ара­сындағы цифрлық білім беру сала­сын­дағы ынтымақ­тас­тық бағ­дар­ла­м­асы танысты­рыл­ды.

Халықаралық іс-шара ая­сын­да ҚазҰУ ректорының ҚХР жо­ғары оқу орындарымен бір­қа­тар кездесулері жоспар­лан­ды. Оның ішінде Шығыс Қытай педагогикалық университеті (ECNU) де бар. Форум жұмысы екі күнге жалғасып, оның ая­сын­да қатарлас сессиялар өт­кізіледі.

Нұрсұлтан БАЗАРБАЙҰЛЫ