Франция университеттерімен серіктестік

12 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төра­ғасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Франция­ның Қа­зақ­стан Республикасындағы төтенше және өкі­лет­ті елшісі Дидье Канесспен кездесті.

Кездесуде ректор Фран­ция мен Қазақстан уни­вер­си­теттері арасындағы ын­ты­мақтастық бай­ла­ныс­тарға тоқталды.
Бүгінде Әл-Фараби атын­да­ғы ҚазҰУ Францияның жо­ғары оқу орындарымен, инс­титуттарымен, ғылыми, мә­­дени ұйымдарымен се­ріктес.
Солардың бірі – Лота­рин­гия университеті. Бұл білім ор­дасы ҚазҰУ-дың меха­ни­ка-математика факуль­те­тінде «Механика және энер­ге­тика» қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта 100-ден астам магистрант пен 20 докторант дайын­дал­ды. Химия және хи­миялық технология ф­а­куль­те­тінде Ло­тарингия уни­верси­те­ті­мен бірлесіп «Мұнай-газ ісі» және «Абай-Верн» бір­лес­кен білім беру бағ­дар­ла­малары, ал Реймс Шампань-Арденна университетімен бірге «Ма­те­матика (УРША)» қос­дип­ломды бағдар­ла­ма­сы жүзе­ге асырылуда.
Өткен жылы Париждегі кез­десу қорытындысы бо­йынша Қазақстан мен Фран­цияның жоғары оқу орын­д­а­ры ректорларының VІІ фо­румы шеңберінде «Эрас­мус+» бағдарламасы бо­йынша Реймс Шам­пань-Арденна уни­вер­ситетімен студенттер алмасу ту­ралы шартқа қол қойылды.

Қазіргі уақытта халықаралық қатынастар факультетінің төрт студенті Реймс универси­те­тінде «Эрасмус+» бағдар­ла­масы бойынша оқиды.

Академиялық ұтқырлық шең­берінде 2023/24 оқу жы­лында ҚазҰУ-дың 36 студенті, 5 докторанты, 12 оқытушысы Фран­ция университеттеріне ба­рып, түрлі конферен­ция­лар­­ға, біліктілікті арттыру курс­та­рына қатысып, бір­лес­кен жо­ба­ларды іске асырды. Уни­верситетте Францияның жо­ғары оқу орындарынан 11 сту­дент оқиды, француз ға­лымдары дәріс оқуға және PhD докторанттарына ғылыми же­тек­шілік етуге тартылады. 2018-2023 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Франция жоғары оқу орындарының 16 профессоры келді.

«Францияның жоғары оқу орын­дарымен ынтымақ­тас­тық­ты одан әрі арттыру мүм­кіндіктері мол. Университеттік AUF, Франкофония агенттігінің, «Эразмус+» және «Горизонт 2023-25» бірлескен жобаларын жүзеге асырумен қатар, Фран­цуз Орталық Азия зерттеулер инс­титутымен (IFEAC) өзара іс-қимылды күшейте отырып, біз мәдениет пен тіл бойынша өзекті мәселелерді зерделеу бойынша ғылыми орталықтар құра аламыз. ҚазҰУ-да Фран­ция­ның жетекші универси­те­тінің филиалын ашу мүмкіндігін де қарастыра аламыз», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Елші Дидье Канесс өз сө­зін­де ҚазҰУ-да Франция уни­вер­ситетінің филиалын ашу идея­сы­на және ЖОО басшылығының басқа да бастамаларына қол­дау білдіретінін айтты. Кездесу барысында тараптар ғылым және жоғары білім са­ла­сын­дағы ынтымақтастықты да­мыту мәселелерін талқылады.

Света Әбілғазықызы