Санкт-Петербург университетімен серіктестік

26 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің де­легациясы Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург поли­тех­никалық университетінің 125 жылдығына арналған ғылыми апталыққа қатысты.

 

Ұлы Петр атындағы Санкт-Пе­тербург политехникалық университеті – Ресейдің же­текші жоғары оқу орындарының бірі. 1899 жылы негізі қаланған оқу ордасында бүгінде 35 мың­нан астам студент білім алады. Оның 6 мыңнан астамы шет­елден келген. Білім алушы жас­тарға 2000-нан астам оқы­ту­шы-профессорлар дәріс бе­реді.
Ғылыми апталыққа ЖОО рек­торлары, академик-ға­лым­дар, ғылыми-зерттеу инс­титут­та­рының басшылары ша­қы­рыл­ған. Апталықтың ашылу сал­танатында Санкт-Пе­тер­бург политехникалық уни­вер­си­тетінің ректоры Андрей Руд­ской сөз сөйлеп, білім ордасының 125 жылда жеткен же­тістіктерімен таныстырды.
Сапар барысында Әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің Басқарма Төра­ға­сы – Ректоры Жансейіт Түй­мебаев бастаған делегация Санкт-Петербург поли­тех­ни­ка­лық университетінің және Өнер­кәсіптік менеджмент, эко­номика және сауда институты жоғары бизнес-инжиниринг мек­тебінің ғылыми инфра­құ­ры­лымымен танысып, басшы­лы­ғымен кездесті. Жүздесуде ғылым мен технология сала­сын­дағы серіктестікті дамыту бойынша пікір алмасты.
Кездесуде тараптар бір­лес­кен зерттеу орталығын ашуға, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарды ғылыми жо­ба­ларға тарту үшін ортақ ғылыми семинарлар өткізуге уағ­да­ласты.

Айнұр Ақынбаева