Мұнай-газ саласының қыр-сырымен таныстырды

4 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Орталық Азия және Ресей бойынша СNPC корпорациясының президенті Биан Дыжы «Қазақстандағы CNPC Қытай-Қазақстан қа­ты­настары мен мұнай-газ қызметіне қол жеткізу» тақырыбында көшбас­шы­лық дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дың Басқарма Төрағасы – Рек­торы Жансейіт Түймебаев құр­метті қонақты жиналған қа­уым­ға таныстырып, білікті ма­манның еңбек жолына тоқ­талды.

«Мен Қазақстанға 1997 жы­лы келген мұнай және газ са­ласындағы алғашқы қытайлық мамандардың бірімін. Осы салада алғашқы бірлескен жо­баларға жетекшілік жасадым. ҚазҰУ-ға бірнеше рет келіп, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнымен жан-жақты та­ны­суға мүмкіндік алдым. Биыл университет 90 жылдығын атап өтуде. ҚазҰУ өзінің қыз­мет еткен жылдарында мем­ле­кеттік басқаруға, ғылымды, мә­дениетті дамытуға және Қа­зақстанның заманауи бизнесі мен экономикасын қалып­тас­тыруға зор зияткерлік үлес қо­сатын мыңдаған ғалымдар мен көрнекті қайраткерлерді тәр­бие­леп шығарды», – деп атап өтті спикер.

Профессор Биан Дыжы өз баяндамасында кен орын­да­рын барлаумен, мұнай мен мұ­най өнімдерін сатумен және ши­кізатты Қазақстанның мұ­най өңдеу зауыттарына жет­кізу­мен айналысатын CNPC ком­паниясының қызметі ту­ралы айтып, мұнай-газ сала­сын­дағы өз тәжірибесімен бө­лісті.

Нұрсұлтан БАЗАРБАЙҰЛЫ