Медицина саласында ынтымақтастық артады

12 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті­нің Басқарма Төрағасы – Рек­торы Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Корея­да­ғы Хендэ ауруханасының бас директоры Ким Бу Соппен кездесті.

Кездесуде университет ректоры құрметті қонаққа ҚазҰУ-дың жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы айтып, ынтымақтастықты арттыруға бағытталған ұсыныстарын жеткізді.

«Қазіргі таңда ҚазҰУ мен Оңтүстік Корея ЖОО-лары арасындағы серік­тес­тік қарқынды дамып келе жатыр. Біз байланысты одан әрі дамытуға мүд­деліміз. Бүгінде Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол­дауымен ҚазҰУ қалашығы құры­лы­сының ІІ кезеңі жүзеге асуда. Жос­пар бойынша қалашықта емхана са­лы­на­ды. Медициналық орталықта емхана, медицина және денсаулық сақтау факультеті орналасады. Осы тұрғыда аталған ғимаратта Хендэ ауру­хана­сы­мен бірлесіп медици­на­лық орталық ашуды ұсынамын», – деді ректор.

Өз кезегінде құрметті қонақ жылы қабылдағаны үшін университет рек­то­рына ризашылығын білдірді. Өз сө­зінде Ким Бу Соп аталған бас­та­маларды қолдайтынын айтып, бірқа­тар ұсынысын ортаға салды.

«Оңтүстік Корея медицина саласы бо­йынша әлемде үздік үштікке кі­реді. Қазіргі таңда мемлекетіміз ме­ди­цинаны одан әрі дамыту үшін аян­бай еңбек етуде. Хендэ ау­ру­ханасында білікті профессорлар мен ғалымдар жұмыс істейді.

Біздің мақсат – Оң­түс­тік Кореядағы Топ-10 ау­ру­хананың қатарына қо­сы­лу. Біз ҚазҰУ-мен қа­­рым-қатынасты да­мы­туға әрқашан дайынбыз. Болашақта бірлесіп ғы­лы­ми кон­фе­ренция­лар, симпозиумдар, кездесу­лер өткізу қажет деп са­наймын», – деді Ким Бу Соп.
Жүздесуде ҚазҰУ бас­шысы Жансейіт Түй­ме­баев пен Хендэ аурух­а­на­сының бас директоры Ким Бу Соп медицина бағыты бойынша өзара түсінік туралы меморан­дум­ға қол қойды.
Тараптар кездесуде атал­ған бастамаларды жос­парлы түрде іске асы­руға уағдаласып, ес­телік сыйлықтармен ал­мас­ты.